Аргентинадан 30 тонналық метеорит табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина ғалымдары елдің солтүстігіндегі Эль-Чако провинциясынан салмағы 30 тоннадан асатын метеорит тапты, деп хабарлады Би-Би-Си.

Оның табылған Аргентина ауданын жергілікті тұрғындар «аспан  даласы» деп атайды.

Астрономдар бұл аумақ төрт мың жыл бұрын метеорит жаңбырына ұшырағанын айтады.

1576 жылы испандық отарлаушылар жергілікті тайпалар өкілдерінің әңгімелерінен аспаннан тас жауғанын естіп, бұл жерден метеориттер тапқан.

Ең үлкен метеорит Намибияда деп саналады. Оның салмағы 60 тонна тартады. 

Соңғы жаңалықтар