Аргентинада коронавирус өршіп тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аргентинада Сovid-19 вирусын жұқтырушылар саны артып келеді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, өткен тәулікте Аргентинада коронавирус жұқтырудың 20 мыңнан астам жағдай анықталды.

Аргентинаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде вирус жұқтырғандардың саны 21 436 жағдайға артты.

Нәтижесінде SARS-CoV-2 тасымалдаушыларының жалпы саны 3 753 609 құрады. Пандемия басталғаннан бері Аргентинада COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 77 456 адамға жетті. Эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Аргентина билігі мамыр айының соңына дейін қатаң локдаун енгізді.


Соңғы жаңалықтар