Аргентинада Димаш Құдайбергенге арналған шағын ойын шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - La Era Dimash радиосының қызметкерлері Димашқа арналған веб-ойындар сериясын шығарды.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл ойындар әншінің өнеріне тәнті азаматтардың карантиндегі өмірін қызықты өткізуіне септігін тигізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

La Era Dimash Паоле Профета станциясының шығарған қыз енді осындай ойын ойлап тапқан.

Ол радионың графикалық дизайнына жауапты Сильване Агирреден идеяны жүзеге асыруға көмектесуін сұрап, олар бірлесіп, ойынға қажетті құралдардың бейнесін ойластырған. Айталық, ол Бәйтерек немесе Ақтөбе қаласының көрікті жерлері болуы керек еді.

Ойын өте қарпайым қосымшаның көмегімен жүзеге асырылады және оны тегін ойнауға әбден болады. Димаштың өнеріне тәнті азаматтар La Era Dimash радиосының жаңа жобасын бірден қолдады. Қазақстандық әншінің өнеріне бас иетін әртүрлі жастағы адамдар да ризашылық білдірді. Өйткені ойын өте оңай әрі уақытты қызықты өткізуге көп көмектеседі.

Қазіргі таңда La Era Dimash өзге де қызықты жобаларды дайындап жатыр. Олар Қазақстан мәдениеті мен Димаш туралы қосымша-викторина шығармақшы.

Айта кетейік, 2020 жылдың 15 шілдесінде Димашқа және оның өнеріне тәнті азаматтар үшін тұңғыш күндіз-түні хабар тарататын La Era Dimash радиостанциясы іске қосылған еді.

Тек Димаштың ғана әндері орындалатын радио ұйымдастыру идеясын әншінің өнеріне тәнті аргентиналық Паоле Профета 2019 жылы көтерген болатын.

«Біз карантин сияқты оқшаулануға мәжбүрлейтін қиын-қыстау уақытта Димаштың тыңдамандары үшін әншіге арналған видеоойын ойлап тапса жақсы болар еді деген ойда болдық»,-дейді Паола Профета.


Соңғы жаңалықтар