Аргентина әлемде алғашқы болып генетикалық түрлендірілген бидайды мақұлдады

None
None
БУЭНОС-АЙРЕС. ҚазАқпарат – Аргентина генетикалық түрлендірілген бидайды мақұлдаған әлемдегі алғашқы ел болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат France24-ке сілтеме жасап.

Бейсенбі күні жарияланған Ауыл шаруашылығы министрлігініің мәлімдемесінде Bioceres биотехнологиялық компаниясы, CONICET Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық комиссиясы және Ұлттық университет әзірлеген HB4 жаңа құрғақшылыққа төзімді бидай сортының қабылданғаны туралы хабарланды.

Осылайша Аргентина генетикалық түрлендірілген бидайды өсіруді және тұтынуды мақұлдаған әлемдегі алғашқы мемлекет болды.

Аргентиналық бидайдың басым бөлігі шамамен 45%-ға жуығы Бразилияға экспортталады. Сондықтан қазір Аргентина көршілес елде де генетикалық түрлендірілген бидайдың мақұлдауына мүдделі, делінген комиссияның мәлімдемесінде.

«Аргентинаның HB4 біздің бидайымызды мақұлдауы өнімнің айтарлықтай өсуі мен біздің технология ұсынатын экологиялық артықшылықтарды ескере отырып, осы маңызды дақылдың өндірісі мен сатылымының бүкіл жаһандық жүйесі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - деп хабарлады Bioceres бас директоры Федерико Трукко.

Бидайдың HB4 сұрыпын құрғақшылық жағдайында сынап көрген он жыл ішінде өнімділік орта есеппен 20 пайызға өсті.


Соңғы жаңалықтар