Арестке түскен баспананың сатылып жатқанын xалыққа да көрсету керек - министр Бекетаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев сот орындаушылары палатасымен арадағы текетірестің негізгі себебін айтты. Аталған мәселе бойынша министрлік сотқа 11 рет арыз түсірген, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі, осы саладағы жағдайды қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де жіті бақылап отыр. Мысалы, мен ағымдағы аптада Халықаралық сот орындаушылары қауымдастығының өкілдерімен кездескен едім. Оларды өзім шақырдым. Бұған дейін аталған ұйымның басшысы да келіп кетті. Біз барлық мәселелерді талқылап шықтық. Себебі Қазақстанда жеке меншік сот орындаушыларына қатысты проблема өте көп. Біз сотқа 11 арызды жайдан жай түсірмейміз», - деді М.Бекетаев xалыққа есеп беру кездесуі кезінде.

Министрдің айтуынша, тәркіленген мүлікті электронды форматта сатуға қатысты үлкен бір мәселе бар. Аталған сауда-саттықты ашық жүргізуге болады. Алайда ешқандай өзгерістер жоқ. «Былтыр біз талай рет ұсыныс жасадық. Мәселен, аталған электронды сауда-саттықты xалық арасында кеңінен таныту үшін оны басқа сайттармен байланыстыруға болады. Біреу пәтер алғысы келсе, оны интернеттен іздемей ме? Сөйтіп, барлық xабарландыруларды қарайды. Ал арестке түскен баспана туралы ақпарат басқа сайттарда жарияланса, ондай сауда-саттық жайында бұдан да көп адам білетін еді. Бірақ осы жұмыс әлі атқарылған жоқ», - деп атап көрсетті М.Бекетаев.

Айта кетейік, кездесу кезінде министр сот орындаушыларының қызметіне қатысты заң жобасының Парламенттің қарауында жатқанын жеткізді. «Атап айтқанда, сот орындаушыларының қызметіне санкция салуды қысқарту туралы ұсыныс бар. Былайша айтқанда, аталған институтты дамыту шаралары жалғаса береді. Сот орындаушыларын жауапкершілікке тарту тетіктері де қалады. Бірақ өкілеттіліктердің біраз бөлігі соттан сот орындаушыларына беріледі», - дейді М.Бекетаев. Министрдің айтуынша, шетелге шығуға қойылған шектеуді алып тастаудың нақты мерзімі бекітілді. 

Соңғы жаңалықтар