Ардақ Тиес ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

None
Фото: primeminister.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Ардақ Сиязбекұлы Тиес берген өтінішіне сәйкес ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды.

Тиес Ардақ Сиязбекұлы 1974 жылы 17 сәуірде қазіргі Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебін «құқықтану» мамандығы, 2005 жылы Қарағанды экономика университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдап, 2006 жылы Америка Құрама Штаттарының Йель университетінде біліктілігін арттырған.

«Құрмет» орденімен (2017 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2011 ж.), Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2006 ж.) және басқа да мерейтойлық медальдармен марапатталған.

3 бала тәрбиелеп отыр.

1991 жылдың қыркүйегінен бастап, 2000 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта құқық қорғау органдарында қызмет атқарды

(ҚР Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік тергеу комитеті, Бас прокуратура).

2000 жылдың қаңтарынан 2006 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасының саяси және мемлекеттік әкімшілік қызметтерде басшылық лауазымдарында болған.

2006 жылдың қарашасынан 2020 жылға дейін квазимемлекеттік секторда басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2021 жылдан бастап Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы болды.


Соңғы жаңалықтар