Ардақ Әшімбекұлы Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ардақ Әшімбекұлы 1977 жылы 1 мамырда дүниеге келді.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара әскерлерінің Әскери институтына түсіп, 1999 жылы «бөлімшелердің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттерін басқару» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ 2014 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1999-2001 жылдары ҚР Республикалық ұланының қатарында офицерлік лауазымдарда болған. 2001-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінде түрлі офицерлік басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2006 жылдан Қызметтің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерін басқарған. 2013 жылдан ҚР Президенті Күзет қызметі Бастығының бірінші орынбасары -Президентінің қауіпсіздік қызметінің бастығы болды. 2014 жылдан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздік қызметінің бастығы болып тағайындалды. 2019 жылдың маусымынан осы тағайындауға дейін . Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің басшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы Күзет қызметінің басшысы болды.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «ҚР ҰҚК Әскери институтына 75 жыл» арнаулы мерейтой төсбелгісімен, ҚР Президентінің атынан және Қызмет басшылығынан алғыстармен, 8 медальмен, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің Құрмет грамотасымен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар