Ардагерлердің жас ұрпақ тәрбиесінде берері мол - Т. Әбдірахманов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарт майдангерлер жастарға бейбітшіліктің шынайы құндылықты жеткізе алады. Бұл туралы елордалық қарт майдангер Тезекпай Әбдірахманов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Биыл ерекше жыл, яғни Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аталып өтеді. Бұл дата біз үшін айрықша маңызды. Өйткені, Жеңіс күніне жете алмаған қаншама жауынгер опат болды. Сондықтан, 70 жылдық аясында ұйымдастырылатын шаралардан қалмауға тырысамын»,-деді қарт майдангер.

Сонымен қатар, ардагер таяуда астаналық қарт майдангерлер ҚР Президентінің атынан атаулы құттықтау және сыйлықтар жиынтығын алғанын айта келе, осы орайда елорда әкімі арнайы келіп құттықтағанын жеткіз. «Елімізде ардагерлерге қамқорлық жасалып жатыр. Бұл тұрғыда Президентке алғысымды жеткізгім келеді. Тек, ешқашан соғыс болмасын және жастарға осы соғыс жайында көбірек айтып, түсіндіру керек. Жастар тәрбиесінде қарт майдангердердің үлесі маңызды. Сондықтан да, біздер әрқашан жастарға бейбітшіліктің шынайы құндылықты жеткізіп, өз ақылымызбен бөліскіміз келіп тұрады. Бізді әрдайым еске алып жүреді, сондай-ақ болашақта да ардагерлерге осындай көңіл бөліп жүрсе деген тілегімді жеткізгім келеді»,-деді Тезекпай Әбдірахманов. Биыл - Ұлы Жеңіске 70 жыл. Сонымен қатар, ТМД бойынша 2015 жыл Ардагерлер жылы болып бекітілді. Осы орайда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар