Ардагерлер ұйымы Президенттің үндеуіне қолдау білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымының басшылығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуіне қолдау білдіретіндіктерін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ел ардагерлері кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге толық қосылады. Қай жерде тыныштық болса, сол жерде береке бірлік бар. Елдің экономикасы дамиды және мемлекеттің әлеуеті бірлігі күшейеді. Қазақстан тарих сахнасынан ойып тұрып өз орнын алды. Тәуелсіздік - тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінгі жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Қазақстан - бүгінде Еуразияның жүрегінде орналасқан, тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Аз уақыттың ішінде еліміз, спорт, білім, ғылым, мәдениет, өнерде ірі табыстарға қол жеткізді. Татулық пен бірлікті алға тартқан Қазақстан бүгінде Орталық Азиядағы елдердің көшін бастап келеді», - дейді Ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің кеңейтілген отырысында аталмыш ұйым төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев.

Ардагерлер ұйымының мүшелері 19 наурызда Елбасының Президенттік өкілеттігін тоқтатуы тарихи шешім болғанын мәлім етті.

«Елбасымыздың тәуелсіз Қазақстанға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарына арнаған үндеуінде алдағы ел Президентін сайлауды кезектен тыс өткізудің еліміз үшін маңыздылығын негіздеді. Әлемдегі халықаралық саяси ахуал тұрақсыз болып тұрған кезеңде ел қауіпсіздігіне тікелей қатысты қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ету, алға қарай нық жылжу, әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешу үшін Президенттің өкілеттігі толық болуы керек. Сайланған Президент халықтың сенімін алған тұлға елдің атынан батыл шешімдер қабылдай алады. Ел ардагерлері Президент сайлауын өткізу еліміз үшін дұрыс шешім деп бірауыздан қолдайды», - дейді Өмірзақ Озғанбаев.

null

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Бұл туралы республикалық телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінің толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.

Соңғы жаңалықтар