Ардагерлер естелігі: Соңғы сарбаз қалғанша - тек қана алға!

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда және ТМД-ға мүше өзге елдерде Жеңіс күні атап өтілуде. Өкінішке орай, майдан алаңында ерлікпен шайқасқан жауынгерлер туралы айтып беретін ардагерлеріміздің қатары да күннен-күнге сиреп барады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынған мəліметіне сəйкес,  бүгінде Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 2067 майдангер қалды.

Жеңіс күні мерекесіне орай, ҚазАқпарат агенттігі отты жылдарды бастан өткерген майдангерлердің естеліктер топтамасын ұсынады.

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2018 жылғы 1 сəуірдегі жағдай бойынша, елімізде 2067 Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, 140 606 тыл еңбеккері және 65817 ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адамдар тұрады. 

Ардагерлердің басым бөлігі Алматы қаласында (387 ардагер), Шығыс Қазақстан (246), Оңтүстік Қазақстан (187) және Қостанай (165) облыстарында тұрады. Ал олардың ең аз саны Атырау (29 ардагер), Қызылорда (37), Маңғыстау (36) облыстарында тіркелген.

Министрліктің хабарлауынша, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Жеңістің 73 жылдығын мерекелеу қарсаңында ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген адамдарға жалпы сомасы 2,7 млрд теңгеге бірреттік ақшалай төлемдер берді.

Соңғы жаңалықтар