Ардагер ұстаз: Президент айтқан үздіксіз білім беру тұжырымдамасы - құптарлық қадам

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев Президенттің бүгінгі Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында айтқан білім беру саласына қатысты мәселелерге орай пікір білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Ардагер ұстаз Президент айтқан үздіксіз білім беру тұжырымдамасын қолдайтынын білдірді.

Менің еңбек жолым білім саласымен байланысты. Жұбайым да мектепте мұғалім. Бүгінгі Тоқаев Жолдауында білім мен ғылым саласына қатысты маңызды мәлімдеме жасады., - деді ол.

Азаматтардың сауаттылық деңгейі мен олардың цифрлық білімін арттыру мақсатында Үкімет үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлейтін болды.

Қазіргі заман ағымында бұл құптарлық қадам. Бұл құжатта бейресми білімнің баламалы нұсқаларын белсенді енгізуді, өзіндік оқудың нәтижесін мойындауды, кәсіби дағдыларды серфикаттауды қарастылатынын айтты, - деді сарапшы.

Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. «Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінеді», - деді Президент.

Өзім мұғалім болып жұмыс істегендіктен, ұстаздарға жүктелетін міндет пен жауапкершіліктің салмағын жақсы білемін. Олардың жалақысын көтеріп, мәртебесін биіктетіп жатқан Президентке мұғалімдердің алғысы көп. Қазір онлайн білім беруге көшкенімен, ұстаздардың жұмысы азайған жоқ. Заманның талабы шығар, барған сайын мұғалімдердің жұмысы қиындап жатыр. Осыған сәйкес олардың жалақысын көтеруді мен әрине құптаймын, - деді ол.

Бүгін Президент ашық болды. Кейбір саланы ашық сынға алды. Білім саласына да қатысты сын естідім. Мәселен, онлайн білім беруде платформалардың жоқтығы. Қашықтан білім беруде Үкіметтің қателік жібергенін айтты. Көш жүре түзеледі. Мұндай оқыту жүйесі тарихта тұңғыш рет болғандықтан қателіктің болатыны ақиқат. Бірақ біріздендіріліп келе жатыр. Президенттің тапсырмасы мен осындай сын пікірлері жұмыстың алға жүруіне итермелейді. Әлі талай дүние оңалар. Президент айтқандай, қазір тек жаңа тарихи дәуірдің басындамыз. Келер жылы тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Мен Қазақстанның болашағына, Президенттің реформаларына, бастамаларына сенемін, - деді Ерболат Ғұсманұлы.



Соңғы жаңалықтар