Ардагер тоғызқұмалақшылар өзара мықтыны анықтады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 25-29 қыркүйек аралығында Қостанайда тоғызқұмалақтан ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Бұл турнир халықаралық талай бәсекелердің жеңімпаздарын тәрбиелеп шығарған білікті жаттықтырушы, Қазақстанның білім беру саласының үздігі Рыспай Үмбетовтің құрметіне ұйымдастырылды. Қазақстанның 7 облысынан 40 спортшы қатысты, олардың арасында бірнеше спорт шебері және спорт шеберіне үміткерлер бар.

null 

Бас төреші Батырхан Әбілбековтің айтуынша, төрт күнге созылған зияткерлік ойын аса тартысты өтті.  

null 

«Соңғы 4 жылда Қостанай облысы ардагерлер чемпионатына қатысқан жоқ. Міне, биыл республикалық ауқымды турнирді өткізіп жатырмыз. Спортшылардың ішінде осалы жоқ. Мәселен, былтырғы чемпионатта үздік шыққан ардагерлер биыл да бақтарын сынады», - деді Батырхан Әбілбеков.

Жарыс тоғызқұмалақтың классика және блиц түрлері бойынша өтті. Қатысушылар төрт топқа бөлініп ойнады. Әйелдер арасында Гүлжан Қилыбаева, Маргарита Пархоменко (екеуі де - ШҚО), Ләззат Жанғазинова (Павлодар) жеңімпаз атанды. Ерлер сынында Аппаз Базарбаев (Қостанай), Төлеген Жүсіпәлиев (Ақтөбе), Жарас Исаханов (ШҚО), Сәлімжан Серікбаев (Қостанай) өз топтарында үздік шықты. 

null 

«Чемпионат жоғары дәрежеде өтті. Тоғызқұмалақ ойынының жыл санап дамып келе жатқаны қуантады. Келесі жылы да қатысуды жоспарлап отырмын», - дейді жарыс жеңімпазы Маргарита Пархоменко.

null null 

Соңғы жаңалықтар