Ардагер санатына жататын 848 адамды дәрі-дәрмекпен қамтуға 68 млн теңге жұмсалған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан бойынша ардагер санатына жататын 848 адамды дәрі-дәрмекпен қамту мәселесін шешуге 62 млн теңге жұмсалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Ардагерлерді қосымша әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіліп жатыр. Олардың бәрінде әскери қызметшілерге ұсынылатын құқықтар мен кепілдіктер бар. Салық төлеуде де жеңілдіктер көзделген. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальде білікті медициналық көмек көрсетіледі», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, бұл санаттағы адамдарға мемлекет тарапынан санаторлық-курорттық емдеу қарастырылған.

«Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар бюджеттің және тартылған демеушілік қаражаттың негізінде ардагерлерге әлеуметтік қолдаудың қосымша түрлерін де көрсетеді. Атап айтқанда, өмірлік қиын жағдайда немесе мереке кездеріндегі жағдайда ардагерлерге тұрақты метариалдық көмек көрсетіліп тұрады. Мысалы, 84 адамға тұрғын үйді жөндеу бойынша, 848 адамға дәрі-дәрмекпен қолдау бойынша 68 млн теңге, 622 адамды отымен қамтамасыз ету үшін 13 млн теңге жұмсалған», - деді Руслан Сәкеев.

Бұған дейін Президенттің Жеңіс күніне орай бірқатар шараға қатысатынын жазғанбыз.


Соңғы жаңалықтар