Әрбір төртінші қазақстандық шағын және орта бизнесте жұмыс істейді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда биыл шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 10-2%-ға артып, 1,31 трлн болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ranking ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлік саны жылына 10,5%-ға, заңды тұлға мәртебесі бар шағын компаниялар саны 11,9%-ға артты.
Өткен жылдың соңғы тоқсанындағы статистикаға сәйкес, ШОБ саласында 3,27 млн адам еңбек етеді. Бұл - елдегі жұмыс жасап жатқан халықтың 37,5%.
Аталған секторда өнім көлемі 26,5 трлн теңгеге жетті. Республиканың жалпы ішкі өнімінде ШОБ субьектілерінің маңызы артып келеді.
Мамандардың айтуынша, аталған саланың қарқынды дамуы үшін тиімді несие бағдарламасы керек. Алайда, ШОБ-қа несие беру көрсеткіші төмендеп келеді. Биыл мамыр айында осы салаға 2,22 трлн теңге несие берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,7%-ға төмен.
- Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 13,5% азайды
- Қазақстан халқының 41% ауылда тұрады – статистика
- Сағынтаев жаңа мәслихаттың алдынағы сөзінде Алматының өзекті міндеттерін атады
- СҚО-да былтыр 543 адам кәсіпорындардағы оқу орталықтарында қайта даярлықтан өтті
-
Қазақстанда бизнес ашуға қатысты шығынды төмендетуге бағытталған құжат әзірленуде
-
Қайырымдылыққа атсалысатын бизнес өкілдеріне түрлі жеңілдіктер берілуі тиіс - Тоқаев
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам