Әрбір шенеунік халық үшін жұмыс істейтінімізді ұмытпауы керек - ҚР Президенті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әрбір шенеунік халық үшін жұмыс істейтіндігімізді есте ұстауы тиіс. Бұл туралы бүгін Ақордада бірқатар азаматқа мемлекеттік наградаларды тапсыру барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

.

«Біз бюджет қызметкерлерінің еңбекақысын біртіндеп арттырып келеміз. Бұл ұстаздар қауымына, дәрігерлерге және мәдениет саласы мамандарына қатысты. Мысалы, келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі, ал жалпы 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге артады. Көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар әрдайым мемлекеттің қамқорлығында болады. Біз әлеуметтік мемлекет екенімізді ешқашан естен шығармаймыз», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, өзгеге қолдау көрсетіп, қол ұшын беру, көмектесу - халқымыздың қанына сіңген қасиет. Бұл - біздің ұлттық кодымызда бар нәрсе.

«Әрбір шенеунік біздің халықтың бөлшегі екендігімізді, халық үшін және халықтың арасында жұмыс істейтіндігімізді есте ұстауы тиіс. Еститін мемлекет – бұл бюрократияның ең нашар көріністерінің де болмауы және цифрландыру негізінде барлық процедуралардың ашықтығы. Мемлекеттік билік жүйесіне басқарушылардың жаңа толқынын тарту қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл бағытта алғашқы қадамның жасалып, президенттік жастар кадр резерві жасақталып жатқанын еске салды.

«Жас кәсіби мамандар мемлекеттік басқару жүйесінің жауапты учаскелеріне жіберіледі», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар