Әрбір оныншы қазақстандық үшін интернет қолжетімсіз – депутат

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина қазақстандықтардың интернетке қолжетімділігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы цифрландырудың негізі – жаңа цифрлық технологияларды қолдану арқылы ел өмірінің барлық салаларын цифрлық түрлендіруді жеделдетуге мүмкіндік беретін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы. Осы бағдарламаның бес бағытының үштен бірі – интернетке жоғары жылдамдықты және қауіпсіз қолжетімділікті, Қазақстан Республикасы аумағын сапалы мобильді қамтуға бағытталған. Бұл міндет 10,4 млн адамды қамтитын 88 қала мен 29 ауылда орындалды деп сенімді түрде айтсақ та, елді мекендерге қатысты бұлай айта алмаймыз», - деді Майра Айсина «Ауылдық елді мекендерде интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауға арналған Әділет министрлігіндегі ведомствоаралық комиссияда.

Оның айтуынша, осы жылдың соңына дейін 250 және одан көп адам тұратын 880 ауылға интернет қосылады.

«Қазіргі бар нәрсеге қол жеткізу үшін ширек ғасыр кетті. Бүгінгі таңдағы мемлекеттің міндеті – ІТ технологиясының қай жерде тұратынына қарамастан барлық қазақстандыққа қолжетімді болуы. Осы ырғақпен жүре берсек, бұған қанша уақыт кететінін болжап айту қиын. Ендігі міндет – осы жылдың соңына дейін 250 және одан көп адам тұратын 880 ауылға интернет қосу, ал 2022 жылдың соңына дейін 50 және одан көп тұрғыны бар 885 ауылға интернет қосу», - дейді депутат.

Демек, екі жыл ішінде 5089 ауылда тұратын халықтың 97%-ы интернетпен қамтылады.

«Осыған байланысты ауылдық жерлерде интернетке қосылуды қамтамасыз ету бойынша заң жобасы қабылдау туралы бастама көтерілді. Ауылдық жерлерде интернетке қолжетімділіктің ұлғаюы барлық азаматтарымыздың бүкіл қызмет түрлерін алу құқығын қамтамасыз етеді», - объяснила М. Айсина.

Сондай-ақ, ол 720 мемлекеттік қызметтің 80%-ы электронды форматта қолжетімді екенін айтты.

«Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін интернет қолжетімді болуы керек. Әрбір оныншы қазақстындықта бұл мүмкіндік жоқ», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар