Әрбір күріш сорты жанды организм секілді - қызылордалық ғалым

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық Александр Николаевич Подольскихті көпшілік  Қазақстандағы танымал ғалым-селекционер ретінде таниды. Ауыл шаруашылық ғылымдардың докторы А.Н. Подольских қазір Қызылорда қаласындағы күріш өсіру ғылыми-зерттеу институтында қызмет атқарады. Білікті ғалым «Қазақстанның 100 жаңа есімі» алғашқы жобасының жеңімпаз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   

Ол Қазалы ауданында туып-өсті. Орынбор ауыл шаруашылығы институтының агроном мамандығы бойынша тәмамдап, оны бітіргеннен кейін Краснодар қаласындағы Бүкілодақтық күріш ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында ғылыми жұмыстарын жалғастырды. Оқу орнында оған күріш генетикасы жөнінде белгілі ғалымдар қолдау көрсетті. Ғалым олардың тәжірибесінен көптеген тағылымдық зерттеулерді зердеден өткізді. Александр оларды өзін осындай биікке жетелеген тәлімгер деп санайды.

Өзінің өмір жолында ұзақ жылдар бойы Сыр өңірінде орын тепкен күріш ғылыми-зерттеу институтында іріктеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері болды. Будандастыру көлемін он есе ұлғайтуға мүмкіндік беретін, селекция процесінің нәтижесін ұлғайтатын генетика мен селекцияның  заманауи әдістерін қолдана отырып, күріш сорттарын таңдау тиімділігін арттыру мақсатында жаңа әдісті жасап шығарды. Жаңа әдіс арқасында күріш өсіруде тиімді пайдаланылатын «Арал 202», «Ару», «Арал 69», «Арал 318», «Арал 4», «Арал 6» күріш сорттары өсірілді. Александр Подольских 150-ден астам ғылыми мақаланың және күріш селекциясының жаңа әдістерін шығарудағы патенттердің авторы атанған. Ол жүйелі түрде селекция мәселелерімен айналысады. Күріштің жаңа сорттары: «ҚазНИИР 5», «ҚазНИИР 6» шығарушылардың бірі болып табылады.
null 

Қазіргі уақытта А.Н. Подольских жергілікті жағдайларға бейімделген,  жоғарғы өнімді, астықтың жоғарғы сапасымен күріштің жаңа сорттарын өсіру бойынша белсенді зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Ғалым жолы қиын соқпақтардан, бұралаң өткелдерден тұрады емес пе? Кеңес Одағы ыдыраған өткен ғасырдың 90-жылдары Александр еңбек ететін күріш ғылыми-зерттеу институты қызметкерлеріне де оңай соқпады. Олардың еңбек етуіне ешқандай жағдай болған жоқ. Тіпті, ғылым ордасын қаржыландыру қиынға соқты. Зерттеу институты тарап кетудің сәл-ақ алдында тұрған еді. Жалақы кешікті. Институттың 200 қызметкерін қысқартудан кейін үштен бірі ғана қалды. Осындай күрделі кезеңнің өзінде Александр Подольских ғылыми жұмысын тастап кетпеді. Жұмысқа, ғылымға жан тәнімен берілгендер ғана қалды. Солардың қатарында болған ғалым әріптестерімен бірлесіп, «Арал-5», «Ақмаржан», «Кубань», «Арал-6», «Арал-7», «КазНиир-4», «КазНиир-6», «Айсәуле» күріш сорттарын өндіріске енгізуге белсене кірісті. Селекциялық жұмыстарға барынша көңіл бөлінді. Тіпті «Ақмаржан» секілді сорттардың өзінен егер ыждағатты еңбек етілсе, оған білікті еселеп арттыруға болады екен. Ғалым осының барлығын әріптестерімен бірге тәжірибе жүзінде дәлелдеп шығып, қайта өндіріске енгізді.

«Еңбекте бастысы талмай іздену - маңызды шарт. Айталық, Ресейдің «Новатор» сортымен жақсы селекциялық жұмыстар жүргізілсе, гектарына 100-120 центнерден өнім алуға болады», деді А.Подольских.

Александрдың ғылым майданында табысқа жетіп жүрген шәкірттері де көп. Оларға үйретуден, ғылымға баулудан жалықпайтын ғалымның өзі 150-ден астам ғылыми жұмыстың, селекцияның жаңа әдістемесі бойынша төрт патенттің авторы. 1990 жылы кандидаттық диссертациясын табысты қорғаған ол 1995 жылдан бастап Қызылордадағы күріш ғылыми-зерттеу институтының селекция бөлімін басқарады.

«Жаңадан енгізілген әрбір сорт жанды организм секілді. Ол ұдайы тынымсыз жұмыс істеп тұруы тиіс. Жуырда біз «Сыр сұлуы» атты жаңа сорт енгіздік. Ол біздің ауа райына аса қолайлы. Жаңа сорттарды енгізу аса ыждағаттылықты, ұқыптылықты, тіпті төзімділікті талап етеді. Егер селекциялық жұмыстардың осындай талап үдесінен шықсаң, жаңа сорттардан алынатын өнімді еселеуге болады», -  деді А.Подольских.

Александр Подольсикх 2003 жылы ғалым докторлық диссертациясын қорғады. Қазір ғалым Қазақстанның күріштік аймақтарының табиғатына бейім сорттарды енгізу бойынша жұмыстарын жетілдіріп, ғылыми еңбегін жалғастыруда. Олардың құрамы әлемнің 50 еліндегі 1400 үлгіні құрайды.

Білікті ғалым «Қазақстанның 100 жаңа есімі» алғашқы жобасының жеңімпазы болғаннан кейін облыста оның қатысуымен көптеген тағылымдық шаралар өткізілді. Егіс даласында шеберлік дәрісін өткізіп, бүгінгі ұрпаққа ғылым саласы жайында мазмұнды әңгіме өрбітті.

Соңғы жаңалықтар