«Әрбір адам маңызды»: Астанада есірткі мәселесіне арналған фотокөрме ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Фотокөрме халықаралық нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы күрес күніне орай, USAID пен БҰҰ нашақорлық және қылмыстар жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Фотокөрме есірткі қолданудың күрделі түрлерін сипаттайды, табысы орташа немесе төмен елдердегі есірткіге тәуелділікті емдеудің қиыншылықтары мен тосқауылдарын көрсете отырып, есірткі қолдануға әкеліп соғатын әр түрлі жағдайды айшықтап, адамдардың тәуелділікті қалай ауыздықтайтынын және тәуелділіктен арылғаннан кейін өмірлері қалай өзгеретінін көрсетеді.

null«Дерттен емделу туралы хикаялар денсаулық сақтау жүйесінің көмегімен адамның нашақорлыққа тәуелділікті қалай жеңуге болатынын іштей түсінуге мүмкіндік береді. Адамдар өмірінен алынған аталмыш оқиғалар емдеу мен күтімнің маңыздығын дәлелдейді және әлемдегі есірткі мәселесін шешуге атсалысуға шақырады», - деді фотокөрменің авторы, белгілі суретші Ник Данзигер.

Айта кетсек, соңғы Әлемдегі есірткі баяндамасына сәйкес (2017) есірткі тәуелділігі бар алты науқастың тек біреуі ғана емдеу қызметтеріне қол жеткізе алады.

nullWHO, UNODS және UNAIDS (UNODC, 2017) ұсынған 20-40% үлеспен салыстырғанда, Қазақстанда 2016 жылы есепте тұрған апиын есірткісіне тәуелді азаматтардың тек 0, 23% ғана дәрі-дәрмек пен демеуші емге қол жеткізе алды, ал БДҰ, БҰҰ НҚБ және ЮНИСЕД болса 20-40% қамтуды ұсынады (БҰҰ НҚБ, 2017).

Фотокөрменің ашылу салтанатына автордан өзге БҰҰ НҚБ және USAID өкілдері, Қазақстанның өңірлерінен алмастырылымды терапияны қолдайтын пациенттер, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдері қатысты. Фотокөрме 26 маусымнан 3 шілдеге дейін созылады.

Соңғы жаңалықтар