+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Арап Еспенбетов: Біздің міндет  - ұрпақтың бойына Абай еңбектерінің биік тағылымын сіңіру

2020 жылғы 9 қаңтар 20:52
Бөлісіңіз:
Арап Еспенбетов: Біздің міндет  - ұрпақтың бойына Абай еңбектерінің биік тағылымын сіңіру

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Арап Еспенбетов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркиялық әнші Абайдың әніне клип түсірді Абай және Маржани дүниетанымы туралы мақала татар тіліне аударылды Абай туралы фильмдер нақтылануда - Ақтоты Райымқұлова

«Бұл – асқақ асуларға нұсқайтын, қазақстандықтарды тұтас ұлттық идеяға жұмылдыратын бағдарламалық мақала. Адамзаттың Абайының 175 жылдық мерейтойы – ортақ мереке. Президент «Келер ұрпақ Абайдың сара жолын жалғауы тиіс. Бұл – ұлы ақын арманының орындалуы. Сондықтан біз Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуға тиіспіз», – деп басты назарды той тойлауға емес, ой ойлауға бұрып, ысырапшылықты, даңғазалықты доғарумыз керектігін баса ескертті. Біздің міндет – Абай мұрасын насихаттау арқылы қазақты әлемге таныту. Ұрпақтың бойына Абай еңбектерінің биік тағылымын сіңіру. Абай тойынан кейін ұрпақ ойлануы керек. Тойдан қандай үлгі-өнеге көрдік, жас буынға ұлы ақынның терең мағыналы ойларын жеткізе алдық па? Осындай сауалдарға жауап бере алсақ той ғибраты айқындалмақ», - дейді Арап Еспенбетов.

Профессордың пікірінше, Мемлекет басшысы қазақтың бітім-болмысын, мәдениетін Абай арқылы таныту жайлы сүбелі ой тастады.

«Абайдың гуманистік идеялары – адамзат өркениетін байытудың негізі. Президент халқымыздың рухани және мәдени құндылықтарын Абай арқылы насихаттау жайлы керектігін айтты. Расымен де ұлы Абай әлемдік деңгейдегі тұлға десек те оның шығармаларының бүкіл дүниежүзілік дәрежеде әлі де кеңінен таныла қоймауы бізді қатты ойландыруы керек» - дейді филология ғылымдарының докторы.

Оның айтуынша, мақаладағы Семей өңіріне айрықша көңіл аударылуы қала жұртшылығын қуанышқа кенелткені сөзсіз.

«Семей өңірі –Алаштың жүрегі. Ядролық сынақтан көз ашпай аңырап қалғанда, жаһандық жалмауыздан құтқарған Елбасына Семей халқының мың сан алғысы күнде айтылады. Семей жұртшылығы дағдарыс кезінің өзінде берекесі қашпай, ұйымшылдық көрсете білді. Бұл сонау Ұлылар рухымен жалғасып жатқан тектіліктің бір көрінісі болар. Мақаладағы «ұлы Абай мен Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған өңір айрықша құрметке лайық. Осыған орай шаһарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді түрде дамытып, ондағы тарихи-мәдени нысандарды жаңа талапқа сай жаңғыртамыз» деген жолдар Семей шаһарының мәдени-экономикалық жағынан жандана, көркейе түсуіне сенімімізді нығайтты. Біз бір нәрсеге аса мән беруіміз керек! Абай – бір ғана ру, өңір не болмаса елдің ақыны емес! Ол – адамзаттың Абайы! Баршаны бауырына басқан ұлы тұлғаның шығармашылығы арқылы біз ұлтты ұйыстырып, берекесі мен достығы жарасқан біртұтас Қазақ елінің ынтымағы мен бірлігін арттыра түсуге еселі еңбектенгеніміз абзал», - дейді Арап Еспенбетов.

Еске сала кетсек, «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланған болатын.


Авторы Талғатжан Мұхаметбекұлы


ФОТО: rudnyi-altai.kz
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT