+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Аралдың тартылуын экологиялық апат ретінде ғана қарастыруға болмайды - депутат

2019 жылғы 21 ақпан 12:38
Бөлісіңіз:
Аралдың тартылуын экологиялық апат ретінде ғана қарастыруға болмайды - депутат

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінде бір топ депутаттар және әртүрлі министрліктердің өкілдері Арал теңізінің тартылуы мәселесін «жалпыдан жекеге» қағидаты бойынша талқылап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арал өңірінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелерін заңнамалық реттеу» тақырындағы дөңгелек үстелде ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Геннадий Шиповских Арал өңірін аралап шыққан атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі жиын Арал теңізінің тартылу себебін анықтап, экологиялық апатты аймаққа айналған өңірдің жай-күйі мен осы су қоймасын құтқаруға қатысты жұмыстарға, сондай-ақ қазіргі таңда орын алып проблемаларды талқылауға арналып отыр.

«Арал экологиялық апаты және оның теріс әлеуметтік-экономикалық салдары ондаған жылдар бойы тек біздің елдің ғана емес, көршілес елдер мен халықаралық қауымдастықтардың назарындағы мәселеге айналды. Осы шараны өткізуге дайындық барысында қаңтар айында Қызылорда облысының Арал ауданына арнайы іссапармен барып, бірнеше елдімекенде болып, жергілікті проблемалармен танысып қайттым. Осы іссапар кезінде Барсакелмес мемлекеттік-табиғи қорының әкімшілігімен кездесіп, өңірдің экологиялық проблемаларын талқыладық», - дейді депутат.

Геннадий Шиповскихтің айтуына қарағанда, ол Арал қаласы мен Сексеуіл кенттерінде болып, «Арал-тұз» кәсіпорнын, аудандық аурухана мен спорт кешендерін аралап шыққан.

«Арал өңірі экономикасына Солтүстік Аралдың қалпына келтірілуіне байланысты өзгерістердің әсер етіп отырғаны сөзсіз. Осыған қарамастан, шешімін таппай отырған проблемалар баршылық. Арал тағдыры - бұл адам тағдыры. Сол себепті Арал теңізінің тартылуын экологиялық апат ретінде ғана қарастыруға болмайды. Бұл - кешенді және күрделі проблема. Арал теңізінің тартылуы және мүлдем жоғалуы елімізді ғана толғандырып отырған жоқ. Бұл - Арал теңізінің бассейнінде орналасқан Орталық Азия елдерінің ортақ мәселесі», - дейді Геннадий Шиповских.

Мәжілісмен сонымен қатар, аталған экологиялық апатқа халықаралық қауымдастықтар да ерекше назар аударып отырғанын айтады. Өйткені, Арал теңізінің тартылуы көршілес елдердің экологиясына, әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін тигізіп отыр.

«Осы орайда Арал проблемасын жалпыдан жекеге қағидаты бойынша талқылауды жөн көрдік», - дейді депутат.

Айта кетсек, Мәжіліс қабырғасында өтіп жатқан дөңгелек үстелге СІМ, Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері қатысуда.

Фото: ruh.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT