Аралда «Жүрек жылуы» акциясы өтті

None
None
АРАЛ. ҚазАқпарат - Арал қаласында 1 наурыз - «Алғыс айту» күніне орай «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктемнің алғашқы күнінде ауданымызда «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Акцияға аудан орталығындағы мекеме басшылары мен қызметкерлері, кәсіпкерлер белсене қатысуда. Олар тұрғындар көп балалы, аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созу мақсатында Орталық мешітке жиналды. Шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, жиылғандарды 1 наурыз - «Алғыс айту» күнімен құттықтап, шарапаты мол игі іске атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, қайырымдылық шарасына өз үлесін қосамын деген азаматтар үшін арнайы жәшік Орталық мешіт ауласында кешкі уақытқа дейін қойылады.

Соңғы жаңалықтар