Аралда тепловоз рельстен шығып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Арал қаласының теміржол вокзалының кіре берісінде тұз тиелген жүк пойызының тепловозы мен одан кейінгі 2 вагоны темір жолдан шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталмыш оқиға 2019 жылдың 30 шілдесі күні сағат 20.45 минут шамасында болды.

Жүк пойызы Арал ауданы Жақсықылыш кентінде орналасқан «Аралтұз» акционерлік қоғамынан тұз тиелген 10 жүк вагонын алып келе жатқан. Оқыс оқиға салдарынан жүк пойызының тепловозы мен одан кейінгі 2 вагоны жолдан шығып кеткен.

«Осыған орай шұғыл кезек күттірмейтін шаралар қабылданды. Сексеуіл кентінен қайта қалпына келтіру пойызы оқиға орнына келді. Қазіргі уақытта орын алған жағдайға байланысты тиісті жұмыстар жүргізілуде. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ. Сондай-ақ, теміржол пойызының жол жүру кестесіне кедергі келген жоқ. Жағдай толық бақылауда», - деп мәлім етті Арал ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Сая Ералиева ҚазАқпарат тілшісіне.


Соңғы жаңалықтар