Аралда сұрапыл желден мектептің шатыры ұшып кетті

None
None
АРАЛ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында екпіндей соққан желдің салдарынан бірқатар әлеуметтік нысандарға зақым келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Соңғы күндерде Арал аумағында ауа райы күрт бұзылған. Сұрапыл жел соққан. Соның салдарынан №83 орта мектептің шатыры ұшып кетті. Сондай-ақ, мектеп жанындағы «Толқын» балабақшасының сыртқы қоршауы құлап қалған. Орын алған жағдайдан зардап шеккендер жоқ.
null

«Аталған жағдайға байланысты аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бастаған жауапты сала мамандары, Арал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына келді. Келген зиянды қалпына келтіру бағытында ұйымдастыру бойынша жұмыстар басталып кетті», - деп мәлім етті Арал ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Сая Ерәлиева.
null

Бұдан бұрын Жалағашта сұрапыл жел үйлер мен ғимарат шатырларын ұшырып әкеткенін хабарлаған едік.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Қызылордада ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілгені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар