Аралда қыста төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған оқу-жаттығу өткізілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Арал ауданында облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті,-деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі аудандық әкімдікке сілтеме жасап.

Іс-шара  «Қыс және көктем кезеңінде су тасқынының қолайсыз дамуы жағдайындағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін жүргізілетін авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында  өтті.

Оқу жаттығу барысында азаматтық қорғау құрылымы және төтенше жағдай қызметтерімен авариялық құтқару жасағына «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінің №20 қалалық су тарату сорғы станциясында саптық қарау жүргізілді.

Сонымен қатар, оқу жаттығу барысында «Батыс-Қытай - Бастыс-Еуропа» тас жолында 4 жолаушысы бар 1 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалғандығы туралы арнайы тапсырма беріліп, азаматтық қорғау құрылымы және төтенше жағдай қызметтері құтқару жұмыстарына кірісті.

Құтқару кезінде 1 жолаушыға алғашқы медициналық қызмет көрсетілді. Автокөлік қар құрсауынан шығарылып, қалған жолаушылар эвакуциялық қабылдау пунктіне жеткізілді.

Командалық-штабтық оқу-жаттығуға аудандық азаматтық қорғау және төтенше жағдай қызметтерінің 160 жеке құрамы мен 30 техника қатыстырылды.

Соңғы жаңалықтар