Аралда көксерке балығын заңсыз аулағандар сотталды

None
None
АРАЛ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында көксерке балығын заңсыз аулаған жергілікті тұрғындардың бас бостандығы шектелді, деп хабарлайдды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқиға биылғы жылдың сәуір айында орын алған. Тиісті сала мамандары мен Арал аудандық прокуратурасы қоршаған ортаны, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау аясында рейд жүргізген еді. Нәтижесінде Кіші Арал теңізінде заңсыз балық аулаған екі тұрғын қолға түсті. Олардан 126 келі көксерке балығы тәркіленді. «Аталған дерек аудандық прокуратурада тіркелді. Құзырлы органдар тарапынан екі тұрғынға ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Сот үкімімен аталған азаматтар тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылды. Әрқайсысына 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасы.

Мемлекетке келтірілген 620 392 теңге көлеміндегі залал сотталушылардан өндірілді. Сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылық құралы болған моторлы қайық тәркіленді.

Бұдан бұрын Қызылордада баласын жүрек тұсынан пышақтаған әке жазаға тартылғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар