+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Аралда есірткі еккендер полиция қызметкерлеріне оқ атты

2019 жылғы 13 қыркүйек 18:41
Бөлісіңіз:
Аралда есірткі еккендер полиция қызметкерлеріне оқ атты

АРАЛ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында есірткі өсімдігін егумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері полиция қызметкерлеріне қарсы қару қолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Аралда ауласында есірткі өсірген тұрғын сотталды ШҚО-да 100 келіден астам есірткі саудалаған екі адам сотталды Шу қаласының 40 жастағы тұрғынынан 12 қап марихуана табылды
Бұл оқиға Арал ауданы Жіңішкеқұм елді мекенінен 120 шақырым қашықтықта орын алған. Полиция қызметкерлері қалың құм ішін аралап келе жатып құрамында есірткі заты бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктердің жайқалып тұрғанын анықтады. 6 адам заңсыз есірткі егіп жатқан жерінде қолға түсті. Олардан басқа күдіктілер оқиға орнынан бой тасалап, полиция қызметкерлеріне қарсы қару қолданды.

«Бой тасалауға тырысқан күдіктілерді ұстау барысында олардың бірі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Ал 36 жастағы екінші күдікті ұсталды. Бүгінгі таңда орын алған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 300-бабы 2-бөлігі 1,3-тармақтарымен және 380-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Онда құрамында есiрткi заты бар, тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсіру және билік өкіліне қатысты күш қолдану жағдайлары көрсетілген. Сонымен қатар, полиция департаменті табельдік қару қолдану дерегіне құқықтық баға беру үшін қызметтік тергеу жүргізуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Бұдан бұрын Қызылордада 8 млн теңгенің мүлкін қолды еткен ұрылар ұсталған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT