Аралда балықшылар слеті өтті

None
None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысындағы Қамбаш көлінде Арал балықшыларынң IV слеті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теңіз тұңғиығынан маржан терген еңбекшілердің мерекесін тойлау 2015 жылдан бастап жалғасып келеді.

Дәстүрге айналған шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Салтанатты шарада бұрынғы балық аулауда қолданылған құрал-жабдықтар мен кешегінің көзіндей болған құнды жәдігерлер көрмеге қойылып, теңізден ауланған сан алуан балықтар сөреден орын алды.

Айтулы мерекеде балықшыларды құттықтап сөз алған Қырымбек Көшербаев Аралдың арнасының толуы ата кәсіпті жалғаушылардың теңіз маңына қайта табан тіреуімен тығыз байланысты екендігін айттты. Сондай-ақ ғасыр жобасына баланған САРАТС-тың кезең-кезеңімен орындалуы балық шаруашылығын жетілдіруге септігін тигізуде,- деді аймақ басшысы.
null 

Шара барысында балық шаруашылығында жетістікке жетіп жүрген, жемісті жұмысымен көзге түскен 9 адам облыс әкімінің алғыс хатымен мараптталды. Сонымен қатар түрлі номинация бойынша елеулі еңбек еткендерге ноутбук пен тұрмыстық техникалар сыйға берілді.

Жиын барысында балықшылардың өмірінен сыр шертетін көріністер қойылса, әншілер ән мен жырдан шашу шашты.

Балықшылар тойына арнайы келген ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Ибрагимов Арал жұртшылығын мерейлі мерекемен құттықтады. Ал қоңыр даусымен тыңдаушылардың жүрегін баурай білген Нұрлан Өнербаев жағажай маңын әсем әнге бөледі.

Сыр бойынының талантты әншісі Серік Ибрагимов мерекелік кеш қызығын артттыра түсті. Осылайша дәстүрге айналған балықшылардың төл мерекесі биылда өзіндік сән-салтанатымен ерекше аталып өтілді.

null null 

Соңғы жаңалықтар