Аралда ауласында есірткі өсірген тұрғын сотталды

None
None
АРАЛ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Арал ауданында үйінің ауласында сора өсірген тұрғын сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті тұрғын өз үйінің ауласында 14 түп сора өсімдігін өсірген. Сотта ол өзінің қылмыстық әрекетін мойындады. Қылмыстық іс іс құжаттарымен толық дәлелденді.

«Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Ол 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы берілді», - деп мәлім етті Арал аудандық сотының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар