Аралас жекпе-жектен өткен ел кубогында батысқазақстандықтар екінші орынды еншіледі

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында аралас жекпе-жектен өткен ҚР кубогы үшін жарыста БҚО құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, әсіресе, Еркінбек Інжіл үздік нәтиже көрсетіп, 85 келі салмақта жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Вячеслав Невольников 71 келі, Сергей Клещин 93 келі, Серік Қартабаев 65 келі салмақта қола жүлдені иеленді.

Сонымен қатар ел кубогы аясында аралас жекпе-жектен «Көшпелілер шайқасы-2» халықаралық турнирі өтіп, оған Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Оңтүстік Корея мен Бразилия елдерінің спортшылары қатысты. Мұнда батысқазақстандық Дамир Исмағұлов 70 келі салмақта жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар