Аралас жекпе-жек шебері Дәурен Ермеков қарсыласын нокаутпен жеңді

None
САМАРА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дәурен Ермеков (17-5) Ресейдің Самара қаласында аралас жекпе-жектен өткен Ural Fighting Championship 2 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Д.Ермеков ресейлік Гамзат Хирамагомедовпен (10-2) жекпе-жек өткізіп, оны екінші раундта буындыру әдісімен жеңді.

Осылайша, Ермеков кәсіби спорттағы 18-інші жеңісіне қол жеткізді. Ал Гамзат

Хирамагомедов октагонда осымен үшінші рет жығылып отыр.

Айта кетейік, Ермеков пен Хирамагомедов бұған дейін екі рет кездескен: олар алғаш 2015 жылы әуесқой сатыда жұдырықтасты. Ол кезде ресейлік файтер төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Екінші кездесу былтырғы шілде айында өтіп, қазақстандық спортшы қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді.

Д.Ермеков Eagle FC лигасының орта салмақтағы чемпионы. Титул құрылтайшысы – UFC-тің экс-чемпионы Хабиб Нұрмағамбетов.


Соңғы жаңалықтар