Аралас жекпе-жек: Қаршыға Дәуітбек «Императорды» ауыр нокаутқа жіберді

None
Фото: Sports.kz
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте аралас жекпе-жектен Alash Pride 84 турнирі өтті. Оның хедлайнері қазақстандық файтер Қаршыға Дәуітбек (11-3) пен «Жас император» лақап атымен танымал ирандық Али Юсефи (12-9-1) болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жекпе-жек кештің басты айқасы болды. Жартылай жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа есептелген болатын. Бірақ соңына дейін жетпей, бірінші раундта-ақ Қ.Дәуітбектің жеңісімен аяқталды: қазақстандық спортшы қарсыласының басына қатты соққы жасап, ауыр нокаутқа жебірді.

Осылайша, Қаршыға Дәуітбек кәсіби мансабында 12-інші жеңісіне қол жеткізді. Ал Әли Юсефи 10-ыншы рет жығылып отыр.


Соңғы жаңалықтар