Арал теңізінің солтүстік бөлігін дамыту жобасы қолға алынбақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкімет отырысында елдегі өзен-көлдерді тазарту жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасында еліміздің су объектілерінің экожүйесін сақтау және суды үнемді пайдалану арқылы өнімділікті арттыру міндеті жазылған.

«Оның шеңберінде каналдарды, соның ішінде Балқаш көлінің бассейнінде реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сырдария өзенінің 50 шақырымы тазартылды. Былтыр 22 арнаның су есебі цифрланды. Осы жылы 89 каналды цифрландырамыз. Бұл шаралар Балқаш көліне жылына кемінде 12 текше километр су ағымын қамтамасыз етті, Солтүстік Арал теңізінің көлемі 20,6 текше километр деңгейінде сақталып, суару кезінде су шығыны 200 млн текше метрге қысқартылды, көлемі 230 млн текше метрге су қосымша жинақталды», - деді С. Брекешев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Аралды сақтау үшін қазіргі уақытта «Арал теңізінің солтүстік бөлігін дамыту және қалпына келтіру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.

Сонымен бірге Ақтөбе облысындағы Шалқар көлін тазарту жұмысы жалғасуда.

Бұған дейін Экология министрі Қазақстанда су үнемдеу үшін қандай шара жасалатынын айтқан еді. Елімізде ұзындығы 21,5 мың шақырымға жуық 3,5 мың магистральді су каналы бар. Оның 9 мың шақырымын қайта құру бойынша жұмыстар жоспарланған.




Фото: aralregioncharity.org



Соңғы жаңалықтар