+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Арал теңізіне тікұшақ арқылы саяхат ұйымдастыру жоспарланып отыр

2020 жылғы 12 қазан 12:21
Бөлісіңіз:
Арал теңізіне тікұшақ арқылы саяхат ұйымдастыру жоспарланып отыр

ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат – Арал теңізіне ұшақ және тікұшақ арқылы саяхат ұйымдастыру жоспарлануда. Осы мақсатта Мойнақта тікұшақ қонатын жаңа алаң салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстанның ӨзА ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыға биыл 54 мыңнан астам шетелдік турист келген Маңғыстау өңірінің қандай туристік орындарына жол салынады Маңғыстау өңірінің туристік әлеуеті дамытылмақ

Мойнақ ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тікұшақпен Арал теңізінің акваториясына, Қызылжар ауылының аумағындағы жылыжайларға, Қазақдария ауылындағы шаруашылық кешендеріне саяхаттауға мүмкіндік бар.

Қазіргі уақытта бұл аудандарда тікұшаққа арналған ұшу және қону жолағы ашылған.

Арал теңізіне саяхат ұйымдастырумен айналысатын кәсіпкерлердің айтуынша, Арал теңізі мен Үстіртке ұшақ немесе тікұшақ арқылы саяхаттау үшін Мойнақ ауданынан ұшқан жөн.

Бұл туристердің уақытын үнемдейді әрі қосымша шығын болмайды.

Еске сала кетейік, 300 млрд сумға жаңадан салынған «Мойнақ» әуежайы жақында ашылған болатын. Оған алғаш AIRBUS A-320 әуе кемесі қонған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әлихан Асқар

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT