+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Арал мәселесі: 20 жыл бойы тоқтап тұрған комиссияның жұмысы қайта жанданды

2019 жылғы 21 ақпан 13:40
Бөлісіңіз:
Арал мәселесі: 20 жыл бойы тоқтап тұрған комиссияның жұмысы қайта жанданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп, Арал мәселесін шешу үшін қандай жұмыстар атқарып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, Арал мәселесі кеңес заманынан басталған еді. Ол тұста шөлді жерлерді суландыру жұмысы қолға алынып, суармалы жердің аумағын арттыру жұмысының ақыр аяғы осындай үлкен мәселеге алып келді. Арал теңізінің атмосфералық тұздарының дисперсті бөлшектерінің ластануы жаһандық проблеманы және тиісінше тұздардың мыңдаған шақырымға таралуын туғызды. Арал теңізінің шегінен тыс ашық сортаңданған бұрынғы түбінен жылына миллиондаған тонна тұзды шаң ұшады. Арал өңірінің климаттық жағдайының өзгеруіне Аралдың кеуіп кету процесі кері әсер етеді», - деді Сәбит Нұрлыбай Парламент Мәжілісінің қабырғасында Арал мәселесіне қатысты өткен дөңгелек үстелде.

ҚР Энергетика вице-министрінің айтуына қарағанда, бұрын Арал Сібірден қыста келетін суық желді жеңілдетіп, жаз айларында алып кондиционер секілді аптаптың күшін азайтып, ерекше реттеуші рөлді атқарып келген.

«Арал аумағының қазіргі экологиялық жай-күйі бірқатар табиғи және антропогенді факторларға тәуелді. Сондай-ақ, климаттың өзгеруі су ресурстарына, су қауіпсіздігіне де әсерін тигізеді. Арал теңізі мен Сырдария өзенінде ластанудың табиғи және техногенді әлеуетті көздерінің көпнұсқалығын ескерсек, оның пайда болу себебі осы күнге дейін анықталмаған. Бұл мәселе әлі де зерттеуді талап етеді. Аталмыш проблема тек ұлттық қана емес, трансшекаралық сипатқа да ие. Өздеріңіз білетіндей, былтыр 24 тамызда Түрікменстанда халықаралық Арал қорын құру бойынша құрылтайшы мемлекеттер елбасыларының саммиті өткен еді. Сол саммитке өзім де қатыстым. Жиын қорытындысы бойынша арнайы бағдарлама жасау туралы шешім қабылданды», - дейді ол.

Сәбит Нұрлыбай атап өткендей, бағдарлама Арал теңізі бассейніндегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту және өңірдегі барлық елдердің мүдделерін ескере отырып, аймақта су, энергетикалық және азық-түлік саласының дамуын қарастырады.

«Халықаралық Арал қорын құратын елдер мен органдар ұсынатын жобалардың ішінде инвестициялық жобалар ұлттық басымдықтарды жүзеге асыруға үлесін қосуы керек. Бағдарламаның негізгі бағыттары қандай? Біріншіден, су ресурстарын кешенді пайдалану. Екіншіден, бұл - экология. Үшіншіден, әлеуметтік-экономикалық сипат, төртіншіден институционалды құқықтық механизмдерді жетілдіру. Осы төрт бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Өз ұсыныстарымызды бердік», - дейді ол.

Сәбит Нұрлыбайдың айтуынша, Энергетика министрлігі үкіметаралық келісім шеңберінде, сондай-ақ Арал-Сырдария бассейні бойынша шекаралас мемлекеттермен тиісті жұмыстарды жүргізуде.

«1997 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасында қоршаған ортаны қорғау саласында үкіметаралық келісімге қол қойылған еді. Бірақ, өкінішке қарай бұл бағытта комиссия жұмыс істемей, ешқандай шара жүргізілмеген. Өткен жылы қыркүйекте Ташкентке барып, бірінші отырысты өткіздік. Ең алдымен, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы комиссияны құрдық. Екіншіден, қазақстандық-өзбекстандық жұмыс тобының тәртібін бекітіп, үшіншіден алдағы 3 жылға арналған жұмыс жоспарын әзірледік. Осының бәрі хаттамада бар. Яғни, нақты жұмыс басталды. Олар соңына дейін хаттамаға қол қойғысы келмеді. Кеш батқанша отырып, барлық тармақ бойынша келісіп алдық. Келесі жылдың күзінде тағы кездесеміз», - дейді ол.

Вице-министр Қазақстан тарапы Өзбекстанға Сырдария өзені суының сапасына бірлескен мониторинг жүргізуді көздеп отырғанын атап өтті.

«Себебі, өкінішке қарай қазір негізгі ластану өзбекстандық тараптан болып отыр. Біздің тараптан судың ластануына әсер ететін факторлар бар. Сол себепті біз бірлесе отырып, 14 наурызға қарай зертханалар Шымкентте зерттеу жүргізеді», - дейді Сәбит Нұрлыбай.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT