+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Араб жазушысы: Әдебиет – діннен азат, толерантты құндылық

2019 жылғы 4 қыркүйек 13:16
Бөлісіңіз:
Араб жазушысы: Әдебиет – діннен азат, толерантты құндылық

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Терроризммен күресте әдебиеттен тиімді қару жоқ. Азия қаламгерлерінің І форумында саудиялық жазушы Юсеф Әл-Мохаймид осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған республикалық конференция өтті Атырауда Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған республикалық конференция өтті Атырауда Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған республикалық конференция өтті

Pushcart әдеби сыйлығының лауреаты Юсеф Әл-Мохаймид «Әдебиеттің терроризммен күрестегі рөлі» деген тақырыпта баяндама жасады.

«Дін мен әдебиетті бір-біріне қарсы қою – көнеден келе жатқан қасірет. Өткен ғасырда да әдебиетті тұншықтыруға талпыныстар көп болды. Тіпті тарихта Нобель сыйлығының иегерін өлтіру әрекеттері де тіркелген. Араб әлемінде болған террористік оқиғалар әдебиеттен де көрініс тауып жатыр. Саудиялық ақынның жанкештілікке арнап жазған романы әдебиеттің терроризмге қарсы екенін көрсетті. «Түнгі күтпеген оқиға» сияқты сүбелі туындылар да осы терроризмге қарсы жазылды. Ауған жазушысы Халед Хоссейни де әдебиет әлеміне осы сарындас шығармаларымен танылды. Әдебиет - діннен азат, толерантты құндылық», - деген араб әдебиетшісі Сауд Арабиясында әдебиетке қалай көңіл бөлініп жатқанын айтты.

«Сауд Арабиясында жазушылар әдебиет пен журналистиканың дамуына көп үлес қосты. Бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистикалық бірлестіктердің көбі әдебиет өкілдерінің күш салуымен қалыптасты. Бүгін араб әлемінде әдебиет терроризмге қарсы тұруға тырысып жатыр. Оны оқу бағдарламасынан ысырып, жылдар бойы әдебиет пен музыкаға мектепте тыйым салынды. Соның бәрін «ислам әдебиеті» деген шымылдықпен бүрекемеледі. Бірақ шынайы әдебиет өмір сүріп жатты. Соңғы бес жылда біздің әдебиетте үлкен алға жылжу бар. Тіпті 2030 жылға арналған стратегиямызда әдебиет жетекші орын алып тұр. Қазір романдар мен повестер маңызды үнге айналды. Осылайша әдебиет негативті, хайуандық жүйеге ымырасыз күрес жариялап отыр. Деспотизм басқаратын әлемде интернет пен әлеуметтік желі арқылы жазушылардың екінші тынысы ашылды. Бейбітшіліктің жалғыз кілті әдебиетте. Әдебиет – терроризммен күрес жолындағы ең тиімді құрал екенін көрсетіп отыр», - деді

Еске салсақ, елордада Азия қаламгерлерінің І форумы өтіп жатыр. Оған әдебиет бойынша Нобель сыйлығының 3 номинанты қатысуда. Форум барысында әдебиет бойынша Нобель сыйлығының құрлықтық баламасын тағайындау ұсынылмақ. Форумда сөз алған Әзербайжан жазушысы бауырлас мемлекеттерге Қорқыт туралы телехикая түсіруді ұсынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT