Араб мемлекеттері лигасының АӨСШК VI Саммитіне қатысатыны расталды - ҚР СІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның Египеттегі Елшісі Қайрат Лама Шариф Араб мемлекеттері лигасы Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары, Елші Халед әл-Завадимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Араб мемлекеттері лигасы (АМЛ) Бас хатшысының Қазақстан Республикасының төрағалығымен өтетін Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) 6-шы саммитіне қатысуын дайындау мәселелері сөз болды.

Қазақстандық дипломат биыл БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында АӨСШК идеясы ұсынылғанына 30 жыл толатынын мәлімдеді. Бүгінгі таңда АӨСШК құрамына 27 Азия елі кіреді, олардың 6-ауы – Араб мемлекеттері (Бахрейн, Египет, Иордания, Палестина, Катар, БАӘ). 2021 жылы Кувейт АӨСШК-ке мүше мемлекет ретінде кіруге өтініш берді. Аталған елдің қосылуы халықаралық форумның шекаралары мен географиясы кеңейтеді.

Қ. Лама Шариф осы диалог алаңын толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың өзектілігін айтып, ұсынылып отырған трансформация Азияның жаһандық істердегі жаңа рөлін көрсететіне назар аударды.

Өз тарапынын Х. әл-Завади форумның өңір елдері арасындағы көпжақты өзара іс-қимылды қамтамасыз етудегі жоғары тиімділігін атап өтті және АӨСШК-те бақылаушы мәртебесіне ие АМЛ-дың ұйыммен өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге мүдделілігіне назар аударды. Сонымен қатар, ол араб мемлекеттерінің рөліне ерекше тоқталып, Араб мемлекеттері лигасына мүше 22 араб елінің 14-і Азия континентінің өкілі, оның 6-ы Конференцияның толыққанды мүшесі екенін атап өтті.

Кездесу барысында Х. әл-Завадидің айтуынша, «ынтымақтастыққа бірегей ынталандырулар тудыратын» тұрақты алаң ретінде Данышпандар кеңесі мен Аналитикалық құрылымдар форумын құру сияқты бастамаларды талқылауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл тұрғыда АӨСШК мен АМЛ хатшылықтары арасындағы байланыстарды арттыру тетіктері, сондай-ақ бірлескен іс-шаралардың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды.

Талқылау нәтижесі ретінде үздік тәжірибе алмасу мен көпжақты ынтымақтастықтың әлеуетін ашу мақсатында бірқатар халықаралық іс-шараларды бірлесіп дайындау және өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Айта кетсек, 12-13 қазанда Қазақстан елордасында АӨСШК VI Саммиті өтіп, онда 27 мүше елдің мемлекет және үкімет басшылары Кеңесті толыққанды халықаралық аймақтық ұйымға айналдыру қадамдарын іске қосады.


Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі



Соңғы жаңалықтар