Әр журналист ШҚО-да науқасқа бос орын бар екенін өз көзімен көре алады - Даниал Ахметов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 1 122 адам коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстағы COVID-19 жағдайы туралы тікелей эфирде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңға дейін коронавирустан емделгендер саны – 1 122. Инфекциялық ауруханада 537 адам ем алуын жалғастырып жатыр. 592 адам правизорлық орында емделуде», - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, ауруханаларда төсек-орын жетіспеуі туралы ақпарат - жалған.

«Қазіргі уақытта науқастарға арналған төсек-орынның 30%-ы ғана бос емес. Әр журналист бос орынның бар екенін өз көзімен көре алады. 19 маусымда Семейдегі карантин шараларын күшейттік. 28 маусымда Семей қаласында 22 адам коронавируспен ауырса, Өскеменде ауырғандар саны 23 болды. 4 шілдеде Семейде 12 адам ауырса, Өскеменде 53 адам ауырған. Карантин шараларын күшейту қандай нәтиже беретінін осыдан-ақ көруге болады. Сол себепті 24 маусымда Өскеменде де карантин шаралары күшейтілді. Енді оның нәтижесін көретін боламыз. Вакцина жоқ болғандықтан, ең дұрыс шешім - оқшаулану. Оқшауданудың нәтижесі жақсы болатынына сенемін», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар