Әр ұлт өкілдерінен 128 баланы қамқорлығына алған Қытайдағы қазақ әже - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

* * *

Түрік дүниесінде «қазақ моделі» және Нұрсұлтан Назарбаев - TRT
null 

Апта басында Түркия Радио Телевизия порталында, «Түрік дүниесінде «қазақ моделі» және Нұрсұлтан Назарбаев» атты мақала жарық көрді. Мақалада автор Елбасының өмір жолына тоқталып, ел тізгінін алғаннан бергі ерен еңбегі, халықаралық қауымдастық алдындағы беделі, бітімгершілігі туралы айылады.

«Назарбаев сыртқы саясат саласында біржақты саясат жүргізуден гөрі әр елге бірдей қашықтықта тұрады. Көптұсты саясат жүргізеді. Бұл көптұсты саясаты себепті Назарбаев халықаралық қоғамда «дәнекер басшы» ретінде қабылданады. Баршаға мәлім Назарбаев Сирия дағдарысы мен Сириядағы гуманитарлық трагедияның жойылуы үшін іске кірісті. Ресей, Иран және Түркияның қолдауымен жүргізілген Астана процесі отырыстарына қонақжайлық жасауда. Қазақстанның келіссөздерде қонақжайлық жасауы Сирияның маңызды актерлерінің бірі ретінде түрікмендердің де Астана келіссөздеріне қатысуына және болымды қабылдауына жағдай жасады», деп жазады автор.

Әрі қарай мақалада, Қазақстанның түркі дүниесіне көзқарасы,  Назарбаевтың түркі әлеміне сіңірген еңбегі, Ол сияқты бір басшының болуы - түрік дүниесі үшін таптырмас мүмкіншілік екенін айтады.

«Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты «Түрік дүниесінің ақсақалы» деп атайды. Мұны Назарбаевтың Түркия сапарында Ердоған «Құрметті президент түрік дүниесінің ақсақалы болып табылады. Құрметті Назарбаев іске қосқан ақылшыл және теңгерімді саясатының арқасында Қазақстан қазір аймақ және әлем елдері ынтымақтастық жасауға асығатын құрметті бір актерге айналды. Ортақ тіл, тарих және мәдениетті бөліскен бауырлас ел Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған соң саяси тұрақтылығын арттырды және жылдам бір экономикалық өркендеуді жүзеге асырды» деген сөздерімен тілге тиек еткен», деп жазады мақалада.

* * * 

Әр ұлт өкілдерінен 128 баланы қамқорлығына алған Қытайдағы қазақ әже -  Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)
null 

Қытайдың Алтай аймағында тұратын мейірбан ана Исқан Мүлікбайқызы бүгінге дейін әр-түрлі қиындыққа ұшыраған 128 ұлт өкілдерінің балаларын бауырына  басып өсірген. Бұл туралы Қытайдың «Орталық халық радиосы» жазады.

Исқан әже бұл игі ісін, өзінің өмір жолымен байланыстырады. Өзі де 5 жасында әкеден айрылыпты. 8 жастағы ағасы екеуін анасы өсірген. Тұрмыстың ауыртпалығы басқа түскенде көрші-қолаңдары көп көмек көрсетіп, бір жапырақ нанын бөліп беріп қарайласады. Исқан осының бәрін көкейіне берік ұялатып, ол өзін мәпелеп өсірген туған ауылы мен ақпейіл адамдардың көмегін жүрегінің терең түкпіріне сақтайды.
null 

«Қоғам - үлкен мектеп, қоғамдағы әр бір жан сенің ұстазың. Жастайымнан мейірге толы ортада, мейірімді жандардың көмегі менің де тұла бойыма мейірімділіктің қасиетін сіңірді», дейді Исқан әже.

Қыйын-қыстау күндерде әженің шапағатына бөленген жандардың алды пайғамбар жасынан асқан екен.

«Мен 1956 жылы енді ғана 2 жасқа толған кезімде шешем ауыр науқасқа шалдығып, маған қарай алмай қалды. Дәл осындай кезде Исқан әже мені өз қамқорлығына алып, өз балаларымен бірге бағып өсіріпті, буыным қатайғанша  осы шаңырақта жүрдім», - дейді 63 жастағы ұйғыр қарт Нұртай Әбдіқадыр.

Исқан әженің кенже ұлы Мұхит өзінің бала кезіндегі отбасындағы қызықты күндерді сағына еске алады. «Мен туылғанда отбасымызда 20 неше әр ұлт балалары бар екен. Отбасымызда ерекше көңілді еді. Барлығымыз  бірге тамақтанып, бірге ойнап, бірге оқуға баратынбыз. Сол балалық кездерімді ерекше сағынамын», - дейді ол.

Исқан апаның еңбегі қоғам және мемлекет жағынан ескеріліп, «ұлттар ынтымағының үлгісі», «ең сүйікті ана», «мейрім үлгісі» секілді көптеген  төсбелгілердің иесі атанған.  
null 

  * * * 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың әскери кеңесі төрағасының орынбасарымен кездесті - «Жэньминь жибао»
null 

Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық одан әрі беки бермек. 4 қыркүйек күні Қазақстан Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасарымен кездесті. Бұл туралы «Жэньминь жибао» хабарлайды.

«Қазақстан мен Қытай әрқашан тату көрші маңызды серіктес. Сюй Цилянның Қазақстанға арнайы ат басын бұру екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі жақсарта түседі», - дейді Сенат төрағасы. Өйткені қос мемлекеттің де көздегені - аймақтағы қауіпсіздік пен тыныштық. Осы мақсатта Шанхай ынтымақтастық ұйымының жемісті жұмыс атқарып келе жатқаны айтылды.

Өз кезегінде Сюй Цилян тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап дамып, халықаралық аренадағы беделінің артқанын атап өткен.

«Екі ел басшысының жетекшілігінде, Қытай - Қазақстан жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынас  ерекше дамыды. Екі ел армиясының нақтылы ынтымақтастығы жақын жылдардан бері маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Болашақтағы даму өрісі кең. Екі ел армиясының қарым -қатынас деңгейін онан әрі жоғарлатып, өңірлердің бейбітшілігін бірлікте қорғауға дайынбыз», дейді Сюй Цилян .

Кездесу барысында тараптар әлемде туындап жатқан сын-қатерлерге қарсы аймақтың қауіпсіздігін қадағалау мәселелерін талқылады.

* * * 

Мектептің асханасында газдандырылған сусын сатуға тиым салынады - KAZNEWS

null

Моңғолияның Білім және мәдениет министрлігінің балабақша, жатақхананың түскі асына жұмсалатын азық-түлікке арналған бюджетті арттыру туралы ұсынысын Қаржы министрлігі мақұлдады. Бұл туралы KAZNEWS ақпараттық порталы хабарлады.

2019 жылы қаңтар айынан бастап аталған қаржы өз мақсатына жұмсалмақ. Сонымен қатар, алдағы оқу жылынан бастап мектептің асханасында газдандырылған сусын, чипсы қатарлы балалар денсаулығына қарсы тауарларды сатуға тиым салатыны айтылған.

* * * 

Гастрономия фестивалі өткізіледі - TRT

null 

Түркияда әлемге танымал аспаздардың қатысуымен «ГастроАнтеп Газиантеп халықаралық гастрономия фестивалі» өткізіледі, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

ЮНЕСКО-ның ерекше қалалар желісіне қосылып,  есімін әлемге танытқан Түркияның Газиантеп қаласы гастрономия саласындағы атағын енді халықаралық фестивальде нығайта түспек. 20-22 қыркүйек арасында қалаға 40 елдің аса беделді 41 аспазы келеді.  ГастроАнтеп фестивалі Газиантеп қаласының бай асханасы мен ерекше мәдени мұрасын әлемге таныстырады. 

Фестиваль аясында қалаға ел ішінен және шетелдік жихангерлер де келмек.


* * *

Қызыл топырақты өлкеден ұшып өткенде -Тяньшаньнет

Күз кіргеннен бері, Иуннан өлкесінен қарасты Күнмиң аймағығы қызыл топырақты мекен алуан түске еніп, құлпыра түсті. «Тяньшаньнет» ақпараттық порталында көрікті өлкенің әуеден түсірілген көрністері жарияланыпты. Әдемі кілемдей мың құбылған мекенді бірге тамашалайық.

null null null null null 

  

Соңғы жаңалықтар