Әр шақырымға 2400 теңгеден алып отырған – Бас прокуратура теміржол компаниясын тергеп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев теміржол тұйықтарының тарифі қалай негізсіз қымбаттағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас прокуратураның ғимаратында бизнес өкілдерімен өтіп жатқан кездесудің кулуарында Жандос Өмірәлиев 300-ден астам теміржол тұйығының мемлекет меншігіне қалай қайтарылғанын айтты.

«Монополистердің өздеріне берілген мүмкіндіктерді пайдалана отырып, баға өсіру фактілері бар. Соның ішінде «Қазақстан теміржолы» аясында «ЦТС» акционерлік қоғамына қатысты іс бар. Олардың иелігінде 300-ден астам теміржол тұйығы болған. Солар арқылы кәсіпкерлерге тым қымбат көрсетілді. Әрине, ол кәсіпкерлерге қолайсыз болды. Тексеру барысында тарифті де түсірдік, аталған теміржол тұйықтарының бәрін мемлекетке қайтардық. Қазір олардың тарифі 13 есе арзан. Яғни, бұрын әр шақырымға 2400 теңге болса, қазір 169 теңгеге дейін түсірілді», - деді Жандос Өмірәлиев.



Соңғы жаңалықтар