Әр өңірден жиналған суретшілер Тараздың табиғатын бейнелеуде

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Әулиеата бояулары» І халық шығармашылығы фестивалі өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара екі кезеңнен тұрады. 31 мамыр мен 6 маусым аралығын қамтыған алғашқы кезеңде ұйымдастырушылар келген қонақтарға қаланың тарихи-мәдени орындарын аралатып, экскурсия жасады. Экскурсия барысында суретшілер өздеріне ұнаған, шығармаларына арқау болатын орындарды таңдады.

«Фестивальдің бірінші кезеңі аясында қатысушылар өздері таңдаған орындарын бейнелейді. Олар Қараһан - Баба, Айша бибі, Ақыртас қалашығы, Көне Тараз тарихи-мәдени орны және Жеңіс саябағы секілді көрнекті орындарды таңдады. Қылқалам шеберлері аудандарға сапар шегіп, өздеріне берілген аумақтардың келбетін кескіндеуде», -деді облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев.

Нұр Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарынан келген суретшілер Тараздың табиғаты мен тарихи-мәдени орындары бейнеленген жалпы саны 40 картина салады.

Ал екінші кезең 7 маусымда өтеді. Осы күні іс-шараның салтанатты жабылуы, марапаттау рәсімімен қатар, Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында ашық аспан астындағы көрме ұйымдастырылып, пленэрге қатысушы суретшілердің шығармалары мен өлкеге белгілі қолөнер шеберлерінің және фотосуретшілердің тың туындылары қойылатын болады.

Соңғы жаңалықтар