Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.01 eur/kzt 490.15

    rub/kzt 7.81 cny/kzt 70.64
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Әр мемлекет мәселенің өздері қажет деп есептейтін жолмен шешілгенін қалайды - Тоқаев

2022 жылғы 26 мамыр 16:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақ қазіргідей күрделі геоясаяси ахуал кезінде өзінің тиімділігін көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссияның жалпы отырысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразиялық экономикалық одақ осы бірлестікке қатысушы мүше елдердің арасында еркін сауданы дамыту үшін құрылған болатын. Бүгін біз осы мақсатқа жету жолында қаншалықты табысты болды деген сұрақ қоя аламыз. Мен «жағымды» деп жауап берер едім. Иә, Еуразиялық экономикалық одақ оның ішінде қазіргідей күрделі геоясаяси ахуал кезінде шынымен де өзінің тиімділігін көрсетті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан басшысының пайымынша, кейде одақта проблемалық мәселелер туындап жатады.

«Кейде біздің одақта Еуропалық одақ сияқты басқа да жер шарындағы экономикалық ұйымдардағы проблемалық мәселелер туындап жатады. Әр мемлекет өз ұлттық мүддесі тұрғысынан қарап, әр мәселенің өздері қажет деп есептейтін жолмен шешілгенін қалайды. Бұл кез келген халықаралық ұйымдағы қалыпты жағдай. Әсіресе сауда мәселесімен айналысатын ұйымдарда солай. Түптеп келгенде халықтарымыздың, адамдарымыздың өмірі сауда-саттықпен байланысты. Сол үшін де қазір Михаил Владимирович Мясникович басқарып отырған Еуразиялық экономикалық комиссия құрылған болатын», - деді Президент.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанда ресми сапармен жүр.


Автор:

Есімжан Нақтыбай

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары