Әр қазақстандықтың дауысы маңызды – Алматы әкімі

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ерболат Досаев №358 сайлау учаскесінде жұбайымен бірге дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Қазақстан азаматтары өздерінің конституциялық құқығын пайдалана отырып, алдағы 7 жылда еліміздің дамуына үлес қосады. Әр қазақстандықтың дауысы маңызды. Бүгін мен қаламыздың, тұрғындарымыздың, отбасымның және балаларымның жарқын болашағы үшін елдің азаматы, Алматы тұрғыны ретінде дауыс беруге келдім. Алматылықтар өздерінің бірлігін көрсетіп, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін», - деді Ерболат Досаев.
Алматыда сайлау күні 600 сайлау учаскесі жұмыс істейді, тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар 55 учаскеде дауыс бере алады. Қалада шамамен 1,2 миллион адам дауыс беруге құқылы.


Соңғы жаңалықтар