Әр кандидаттың қандай жұмыс атқарғанын көріп отырдық – сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Болашақта әлеуметтік желілер арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу шаралары көбейе береді. Бұл туралы Sailau Talks-2021 шарасында Еуразиялық интеграция институты Коммуникативтік іс-шаралар және визуалды жобалар орталығының жетекшісі Арман Ешмұратов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жолғы сайлаудың ерекшелігі – пропорционалды принцип ұстану. 2021 жылдан бастап Қазақстанда депутаттыққа партия тізімі арқылы сайланады. Оның нәтижесі қалай болатынын көре жатармыз. Бұрын өзім мәслихатқа сайланғанмын. Ол кезде округтегі сайлаушылармен тығыз жұмыс істедім. Ал қазір партиялық тізімдегілер қалай жұмыс істегенін әлеуметтік желілер арқылы көруге болады. Олар көп жұмыс атқарды. Біз әр кандидаттың қандай жұмыс атқарғанын көріп отырдық. Болашақта әлеуметтік желілер арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу шаралары көбейе береді деп ойлаймын. Бұл – өте жақсы. Бұл аймақтық сайлау үшін – жаңашылдық. Партиялық сайлауалды бағдарламалар қалай жүзеге асатынын уақыт көрсетеді», - дейді Еуразиялық интеграция институты Коммуникативтік іс-шаралар және визуалды жобалар орталығының жетекшісі Арман Ешмұратов.

Сондай-ақ, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері Алмас Арзықұлов бұрынғы сайлау мен қазіргі сайлаудың ерекшелігіне тоқталып өтті.

«Бұрын сайлау кезінде үгіт-насихат тобы аймақтарға шығып, үлкен залдарда әртүрлі ұжыммен кездесетін. Пандемияға байланысты ол шаралар қысқарды, бірақ барынша әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, аздаған адаммен кездесулер болды. Бұрыннан бар үш партия жергілікті жерлерде өз жұмысын жүргізді, ал кейін қосылған партиялар жергілікті жерлерде өкілдерінің аз болуына байланысты олардың жұмысын орталықтан барған топтар жүргізді», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Sailau Talks-2021 сарапшылары өтіп жатқан сайлаудың маңызын талқылайтынын жазған болатыныз.

Іс-шараны Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығы «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.


Соңғы жаңалықтар