USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Әр дауыс ел тағдырын шешеді – қордайлық ақсақал

2021 жылғы 10 қаңтар 20:05
Бөлісіңіз:
Әр дауыс ел тағдырын шешеді – қордайлық ақсақал

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Қордай ауданының сайлаушылары белсенділік танытуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының Қордай ауданында 19 ауылдық округ, 41 елді мекен бар десек, онда барлығы 89,2 мың сайлаушы тұрады.

Ауданда қажетті ұйымдастыру техникасымен, телефон байланысы және интернетпен қамтылған 54 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.

Сайлау күні Масанчи және Қаракемер ауылдарының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Айталық, Масанчи ауылының төрт сайлау учаскесінде таңертеңнен бастап жұмыс қыза түскен, тұрғындар сайлауға асығуда.

Аталған елді мекенде барлығы тоғыз мыңға жуық сайлаушы бар десек, түскі сағат 14.00-дегі жағдай бойынша Масанчи тұрғындарының 68,8 пайызы дауыс беріп үлгерген.

Алғашқылардың бірі болып Қордай ауданы Масанчи ауылдық округінің ардагері Лоу Исхар өз таңдауын жасады.

«Біздің әрбіріміз «менің дауысым ел тағдырын шешеді, сол үшін бұл маңызды» деген ойға табан тіреуіміз керек. Өз таңдауымызды жасауға еркіміз бар, дауыс беру әділ әрі ашық өтуде», - дейді Лоу Исхар.

Қаракемер ауылының тұрғыны Ерғазы Босшаев әрбір қазақстандық белсенді азаматтық ұстанымға ие бола отырып, оны сайлау барысында да көрсетуі керек екенін атап өтті.

Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша Қордай ауданында сайлаушылардың келуі шамамен 65 пайызды құрады.

Айта кету керек, 2020 жылы ұлтаралық келісімді нығайту және әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында облыста «Бейбітшілік және келісім» пилоттық жобасы іске қосылды, оның аясында тек бір ғана Қордай ауданында 15 мыңнан астам адамды қамтыған 618 іс-шара ұйымдастырылды.

Арнайы құрылған мобильді топтар бес бағыт бойынша жұмыс жүргізді. 519 азаматқа консультациялық-құқықтық көмек көрсетіліп, 386 тұрғынның мәселесі шешімін тапты, 23 азаматқа бизнес-жобаларын жүзеге асыру үшін 12 миллионнан астам теңге бөлінді. Ұйымдастырылған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі аясында 164 жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 44 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 10 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік тілді оқыту курстары өткізіліп, оған 924 адам қатысса, оның 917-сі - өзге этнос өкілдері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT