+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Әр баламызды қабілетіне қарай дамытамыз- Қарсақовтар отбасы

2019 жылғы 30 мамыр 18:36
Бөлісіңіз:
Әр баламызды қабілетіне қарай дамытамыз- Қарсақовтар отбасы

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қарсақовтар отбасы биылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазталов ауданы орталығында тұратын Қарсақовтар отбасы ынтымағымен ерекшеленеді.

Отағасы Медет Бақытжанұлы Алма Оразбаева атындағы орта мектепте бірінші санатты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Жары Гүлайым Төлегенқызы Қазталов орта мектебінде бастауыш сыныптарда сабақ береді, жоғары санатты ұстаз.

«Қолымызда анамыз Орынғаным мен әкеміз Бақытжан бірге тұрады. Біз - ата-анасын ардақтаған, бес бала тәрбиелеп отырған, ең бастысы, татулығы жарасқан отбасымыз. Оны ел біліп, сыйлайды. Ата-анамыз жарымыз екеуміздің алаңсыз еңбек етіп, биіктерден көрінуге қалай қолдау көрсетсе, біз де әр баламыздың қабілет-қарымын байқап, олардың рухани дамуына солай көмектесеміз. Балаларымыз табыстарға жетіп жатса, бәрі - осы сабақтастықтың арқасы», дейді Медет.
null

Шындығында да балаларының қай-қайсысы да өнерлі. Тұңғыш қыздары Назым қолына қалам алып, өлең шығарады, рөлдерді айнытпай сомдайтын қабілеті бар. Ол «Жас сахна» республикалық байқауынан бас жүлдені жеңіп алды. Поэзияны жаны сүйеді. Сүйікті ақын-жазушылары - Ақұштап Бақтыгереева, Мұқағали Мақатаев, Шерхан Мұртаза, Фариза Оңғарсынова. Дәрігер болуды армандағанмен, ақындық пен актерлікті қосымша алып жүремін деп ойлайды.
null

Жуырда ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ақұштап Бақтыгерееваның Қазталов ауылында өткен шығармашылық кешінде осы Назым жалынды жырларын оқып, көзге түсті. Сүйікті ақыны оның талабын құптап, талантын жетілдіре беруіне тілектестігін білдірді.

Қарсақовтардың үлкен ұлы Сұлтан музыка мектебін баян аспабы бойынша үздік бағамен тәмамдады. Ол - баян аспабында орындаудан облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың сан мәрте жеңімпазы.

Тағы бір қыздары Ақнұр - «Қарлығаш» халықтық би ансамблінің мүшесі, өз тобымен халықаралық байқауда бірінші орын алып үлгерді.

Ұлдары Нұрдәулет бокс үйірмесіне қатысады, облыстық жарыстың екінші орын иегері. Кенжелері Еркеназ кішкентай, он айлық қана.

Спортпен тұрақты айналысатын Медет - самбо, теннис, шаңғыдан облыстық жарыстардың жүлдегері. Құрылысқа да икемі бар, үйді қайта өңдегенді, жаз уақытында құрылыс салғанды ұнатады.

Гүлайым - аудандық, облыстық деңгейдегі кәсіби байқаулардың жеңімпазы. Волейбол ойнағанды ұнатады. Өз жанынан өлең шығаратын, түрлі кештерді жүргізетін өнері бар.
null

«Мен баланы дүниеге әкелген соң әр ата-ана барлық жағдайын жасауы керек деп ойлаймын. Әрине, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға оң қараймын. Бірақ шама келгенше қажет етпеуге тырысамын. Өз еңбегіміздің жемісін көргенге не жетсін. Алдағы мақсатымыз - қыркүйек айында өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына жан-жақты дайындалып, өңір намысын абыроймен қорғау, сенім үдесінен шығу үшін барымызды саламыз», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Медет Қарсақов.
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT