Әр балаға Ұлттық қордан қаржы бөлінсе, халықтың саны көбейе түсетіні анық - Расул Рысмамбетов

None
Ұлттық қордың бір бөлігін 18-ге толмаған қазақстандықтардың жеке шоттарына аудару бір жағынан алып қарағанда классикалық қаржы теориясына қарсы шығады. Себебі ұлттық қордың міндетіне ақшаны сақтау ғана емес, көбейту де кіреді. Қазір әлемдегі геосаяси жағдай баршаға аян. Осыған орай бұл бастаманы азаматтарға берілетін әлеуметтік көмек деуге болады.

Бастысы – Ұлттық қордың ақшасы коммерциялық банктерге бармау керек. Ондай жағдайда қорда ақша қалмайды.

Айталық, өткен жылы елімізде 400 мың нәресте дүниеге келді. Енді әр балаға қордан қаржы бөлінеді дегеннен кейін халықтың саны көбейе түсетіні аян.

Ұлттық қордан балалардың болашағы үшін қаржы аудару бір идея, ал оны жүзеге асыру механизмі қандай ол бөлек мәселе. Мәселе идеяның қалай іске асатынында, оны уақыт көрсете жатар.

Жалпы жас ұрпақтың болашағына қаржы құю тәжірибесі араб елдерінде кеңінен қолданылып келеді. Бірақ оларда бұл реформа жүйеленген. Бастысы сыбайлас жемқорлық тәуекелі болмауы қажет.

Расул Рысмамбетов, қаржыгер



Фото: qamshy.kz




Соңғы жаңалықтар