Әр адам мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек алуға құқылы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында сақтандыру мәртебесі болмаған жағдайда, азаматтарға Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) пакеті бойынша тегін медициналық қызмет көрсетіледі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер адам сақтандырылмаған болса да, ол мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек алуға құқылы. Одан ешбір медициналық ұйым бас тартпауы керек. Біз азаматтардың қорға жазған шағымдарын өте мұқият қараймыз», - деді Б. Төкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, созылмалы ауру болса, азаматтар әлеуметтік мәні бар дерттер және динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар бойынша есепте тұрса, онда бейінді маманның қабылдауы ТМККК пакеті бойынша жүзеге асырылады. Қазір Қорға Qoldau 24/7 қосымшасы және әлеуметтік желілер арқылы кепілдендірілген көмек көрсетуден бас тартқан емханалар туралы шағымдар жиілеп кетті.

«Тағы да қайталаймын, ТМККК пакетіне кіретін көмекті көрсетуден бас тартуға жол берілмейді. Сонымен қатар, сақтандырылған азаматтарға медициналық көмек қызметтердің кеңейтілген тізбесі бойынша көрсетіледі», - деді Қор басшысы.

МӘМС пакетінде медициналық көрсеткіштер бойынша инфаркт, инсульт, түрлі жарақаттар мен операциялық араласулардан кейін, сондай-ақ балалардың созылмалы аурулары кезінде пациенттер үшін медициналық оңалту қолжетімді.

«Әрине, биыл еліміздің денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болды. Пандемия медициналық сақтандыру есебінен ұсынылатын консультацияларға, диагностикаға, оңалтуға қолжетімділікті арттыру бойынша біздің жоспарларымызды өзгертті. Емханалар мен ауруханалар енді қалыпты режимге оралды және халыққа жоспарлы көмек көрсетуде», - деді Төкежанов.


Соңғы жаңалықтар