AQR қорытындысы бойынша жоспарлар банктердің бизнес-процестерін түрлендіруге көмектеседі – Смоляков

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – AQR (Asset Quality Review – Активтердің сапасына шолу) қорытындысы бойынша жоспарлар банктердің негізгі бизнес-процестерін түрлендіруге көмектеседі. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков екінші деңгейлі банк активтерінің сапасын бағалау қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалыптастырылған жоспарлар банктердің негізгі бизнес-процестерін айтарлықтай өзгертуге көмектеседі. Бұл олардың жұмыс сапасын және клиенттер үшін ыңғайлылықты жақсартады», – дейді Олег Смоляков

Оның айтуынша, банктер бойынша қалыптасқан іс-шаралар жоспары ҚР қадағалау тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай болып табылады. Себебі банк провизиялары мен капиталын есептеу процестерін ғана емес, сонымен қатар бизнес-процестерді және банктердің тәуекелдерін басқару процестерін іргелі түрлендіруге әкеледі.

«AQR бағдарламасын аяқтау қаржы секторын қалыпқа келтіру бойынша реттеушінің іс-әрекетін қорытындылайды. Одан әрі Агенттік AQR нәтижелері бойынша шараларды орындау және бақылау бойынша қолдау іс-шараларын жүргізетін, сондай-ақ тәуекелге бағдарланған қадағалау негізінде қаржылық тұрақтылыққа мониторингті жүзеге асыратын болады», - деп қорытындылады О. Смоляков.

Бүгін, екінші деңгейлі банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау нәтижелері шығарылды.


Соңғы жаңалықтар