«Aqjaiyq» телеарнасы халықаралық фестивальдің жүлдегері атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Aqjaiyq» телеарнасы Ресейдің Тольятти қаласында өткен VІІ халықаралық спорттық кино және телевидение фестивалінің жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Телеарна редакторы Нина Павлычеваның «Молодежь Life» хабары «Үздік телебағдарлама» аталымы бойынша қола жүлдеге ие болды.

Н.Павлычеваның айтуынша, барлығы 72 жұмыс «Спорт және тұлға», «Спорт және қоғам» тақырыбында үздік деректі фильм» және «Үздік спорттық телебағдарлама» аталымдары бойынша сарапқа түскен. Телефильмдер мен хабарлар «Аэрохол» кинотеатрында көрсетіліп, оларды талқылауға көрермендер де қатысты. Мәскеу, Тольятти, Уфа, Екатеринбург, Самара, Рязань қалаларынан көптеген жұмыстар болды. Солардың ішінен Тольятти және Уфа қалаларының өкілдері алғашқы екі орынды еншілесе, «Молодежь Life» хабары үздік үштікті түйіндеді.

Нина фестивальға спортпен айналысатын мүмкіндігі шектеулі жандар жөніндегі телебағдарламасын жіберген болатын. Мұнда олардың мүмкіндігі шектеулі болса да, өмірде үлкен табыстарға қол жеткені, алдағы жарыстарға дайындалып жатқаны айтылады.

Мысалы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының жетекшісі, спортшы әрі бапкер Азон Шаймардановты көпшілік жақсы біледі десек, артық айтқандық емес. Ол - волейбол мен пауэрлифтингтен спорт шебері, отырып волейбол ойнаудан 11 мәрте Азия чемпионы, Бусанда (Оңтүстік Корея) өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері, қол күресінен ашық Азия кубогының жеңімпазы. 1992 жылы ауыр кесепатқа тап болып, екінші топ мүгедегі атанған Азон соның бәрін қаймықпастан көтеріп, спортпен айналысу арқылы осындай биіктерге қол жеткізе білді.

Екі жылдан бері эфирге шығып келе жатқан «Молодежь Life» бағдарламасы сонымен қатар мәдениет, ғылым тақырыптарын да қамтиды.

«Биыл да халықаралық деңгейде өткен аталмыш фестиваль ауқымын кеңейту көзделуде. Алдағы жылы ол әлемдік деңгейде өтіп, АҚШ, Непал және басқа елдерден өкілдер келмекші», деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Павлычева.
null 

Айта кетейік, қазақ тілінде де таза сөйлейтин Нина Николайқызы «Aqjaiyq» телеарнасында төрт жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. Эфирге бұрын «Менің елім осындай», «Звучи домбыра дружбы», «Казахстан - наш общий дом» бағдарламаларын дайындаса, қазіргі кезде «Молодежь Life» хабарымен танымал. Сонымен қатар, радиодан «Духовность», «Главные приоритеты», «Здоровье» хабарлары шығып жүр. 

Соңғы жаңалықтар