Аптап ыстықтан Ташкент метросында пойыздардың жылдамдығы шектелді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасында аптап ыстық салдарынан метрополитеннің жекелеген учаскелерінде пойыздардың жылдамдығы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Ташкент метросының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ыстық ауа райы теміржол төсемінің рельстері мен болат бөлшектерінің қызып кетуіне себеп болуда, олардың температурасы +70 градусқа жетуі мүмкін.

«Теміржолдарды пайдалану ережелерінде рельстердің температурасы +55 градустан жоғары болған кезде поездар қозғалысының жылдамдығы төмендетілуі тиіс екені белгіленген. Атап айтқанда, рельстердің температурасы +60 градустан жоғары болған кезде поездар қозғалысының жылдамдығы 40 км/сағ, +65 градуста – 25 км/сағ-тан аспауы тиіс, ал +70 градус болған кезде поездар қозғалысына тыйым салынады», - деп хабарлады ведомстводан.

Осыған байланысты, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жерүсті айналма жолы мен метрополитеннің Сергелі тармағы учаскелерінде поездар қозғалысының жылдамдығына уақытша шектеу енгізілді.

Бұған дейін хабарланғандай, үш күн ішінде Өзбекстанда аптап ыстық салдарынан 4 мыңнан астам адам ауруханаға жатқызылды.



Фото:telegram.org



Соңғы жаңалықтар